ШЫМКЕНТ: ​ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТЫ АЛДЫН АЛУ ТИІСТІ ТАЛАПТАРҒА САЙ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бұл туралы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы тікелей эфирде мәлімдеді.

Спикердің сөзінше, қалада заңсыз құрылыспен күрес жұмыстары күшейтіліп, құқықбұзушылықтар жойылуда. Қаладағы 14 көлік жуу орны бойынша басқармамен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті тұлғалар жауапкершілікке тартылды.
Сотқа талап-арыз жолданып, 8 нысанға қатысты бұзу туралы сот шешімі шықты. Қалған нысандарға қатысты істер сотта қаралуда.
​Құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа сәйкес, құрылыс салу келесі кезеңдерде жүзеге асырылады.
1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (Сәулет-жоспарлау тапсырмасы);
2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу;
3) жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өткізу;
4) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау;
5) салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру.