ШЫМКЕНТТЕ СУ БАСУ ҚАУПІН АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Ауа райының құбылуына байланысты қазір қаладағы орталық және ішкі орам көшелерінде көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау бағытында тиісті жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Қалада су басу қаупі бар аумақтар анықталып, төтенше жағдайды алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелер тазаланып жатыр.
Қауіпті орындарда кезекші бригадалар ұйымдастырылып, техникалар мен жұмысшылардың дайындығы пысықталды. Аталған жұмыстарға 366 адам, 178 техника жұмылдырылып отыр.