«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары болып Ерлан Айтбаев тағайындалды.

Ерлан Садырбайұлы – жоғары білімді. Заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарын меңгерген.

Студент шағынан қоғамдық жұмыстарға етене араласқан Ерлан Садырбайұлы бүгінге дейін жастар саясаты, партия жұмысы және әлеуметтік салаларда түрлі лауазымда еңбек етіп келді. Қоғамға сіңірген белсенді еңбегі үшін Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталған.