ТҮРКІСТАН: БЫЛТЫР КЕЛЕС АУДАНЫНДА 510 МЫҢ ТОННА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ
2022 жылы Келес ауданында ауыл шаруашылығы саласында айтарлықтай нәтиже бар. Атап айтар болсақ, егістік көлемі — 26 314 гектарды құраған. Оның ішінде астық, дәнді және бұршақ дақылдары – 8 397 га, майлы дақыл – 53 га, техникалық дақыл – 440 га, көпжылдық мал азықтық дақыл – 4 358 га егілді. Ал көкөніс, картоп, бақша дақылдары бойынша егістік — 11 981 га құрады.
— Ауыл шаруашылығы саласын іргелілетуде тың технологиялар мен техникалардың рөлі маңызды. Шаруалардың да еңбегі орасан екенін атап өткен жөн. Былтыр 71 дана жаңа техника шаруалар тарапынан сатып алынса, 10-нан аса жаңбырлатып суару технологиясы енгізілді, — дейді Келес аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін уақытша атқаршы Өмірсерік Алтынбаев.
Атап кетейік, келестік шаруалар науқан барысында 20 676 тонна астық дақылдары, 5 730 тонна техникалық және майлы дақылдар, 431 953 тонна көкөніспен картоп және бақша дақылдары, 52 320 тонна қыстық мал азығын жинаған.