ТУҒАН ЖЕРІМ — ТҮРКІСТАН

Туған жер бұл мен үшін киелі, ұлы ұғым. Туған жер-сөзін естігенде, жан-дүниеңде ыстық сезім ұялайды. ”Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас…” деген қанатты сөз бар қазақта. Шынымен де, туып өскен жеріңнің әрбір тау тасы мен өзен-көлі, ауасы мен топырағы бәріде адам үшін ыстық болады екен. Адамның туған жері көзге жылы, көңілге ыстық көрінеді. Өмірге шыр етіп түскеннен, балалық шағыңның бал дәмін осы ыстық ұядан басталады. Міне, сондықтан да тіпті бала кезден бастап отанға, туып өскен жерге деген махаббат сезімі оянады. Мен туған жерімнің тұнық ауасымен дем алып, бақытты өмір сүріп жатырмын. Менің туған жерім ең ыстық- мекен, ұлы жер. Олай айтуымның себебі мен расындада ұлы жерде, талай ұлы ғұламалардың отанында дүниеге келдім! Қазіргі күнге дейін тарихын жоймаған-Түркістан қаласы. Бұл қала жайлы шертер сыр мен тарихтың шегі жоқ!Түркістан үшін қазақ халқының қаны көп төгілген!
“Түркістан-екі дүние есігі ғой,
Түркістан ер түріктің бесігі ғой….” -деген өлең жолдарынан қаншама тарих сыр шертеді. Демек Түркістан-түркі халықтарының, одан да кеңірек айтсам, Шығыс халықтарының ақ ордасы, астанасы болғанын аңғарамыз.
Дәл осы, киелі мекен менің туған жерім. Түркістанның азаматшасы болу мен үшін үлкен мақтаныш. Бұл жерде қазақ елінің атын, Түркістанның атын әлемге әйгілі еткен зиялылардың, қазақ елін билеген хандардың, билік иелерінің туған жері.
Түркістан-Қазақстанның діни идеологиялық орталығы болған қала. Бағзы заманнан бері, Түркістан жерін халқымыз киелі мекен деп есептеген. Өйткені, оның топырағында көптеген ұлы адамдардың сүйегі жерленген. Мұнда ұлылардың ұлысы –Қожа Ахмет Яссауи өмір сүрді. Қожа Ахметтің беделі, ақыл кеңесінен жұбаныш іздеген адамдарды, өзіне тартты. Өткен дәуірлерде құрылыс саласында, қол жеткен табыстардың көпшілігін өз бойына жинақтаған ғимараттардың бірі. Түркістан қаласындағы дені бүгінге дейін жақсы сақталып келген кесене. ХV ғасырдың басында Әмір Темір жарлығы бойынша:Қожа Ахмет Яссауидің қабірінің үстінен тұрғызылған зәулім кесененің салынуы қала мәртебесін одан әрі жоғарылатты. Түркістан атауының бүкіл түркі жұртына мәшһүр болуы-сопылық ілімінің ірі өкілі Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі қазіргі таңда Түркістанның символына, Түркі әлемінің ұлы тарихына айналып отыр. Осы бір ғажайып ескерткіш-кешен жайлы қанатты сөздер де кең тараған. ”Мәдинада-Мұхаммед, Түркістанда-Қожа Ахмет”деп, Түркістанды ерекше қала санайтындар да аз емес. Мұның өзі түркі ғана емес, шығыс халықтары арасында да Түркістанның қадірі мен қасиетін айғақтаса керек. Кесененің ішкі-сыртқы бейнесі, оның төбесіне орнатылған шарлары, ішіндегі шырағдан, Тайқазан, тағы басқа дүниелер өте құнды, әрі бағалы жәдігерлер. Кесене аумағында халқымыздың асыл азаматтары, ең қалаулы ұлдарының Қаз дауысты Қазыбек би, Абылай хан, Есім хан және Тәуке ханның, Қанжығалы Бөгенбайдың сүйегі жатыр. Оны қастерлемеске болмайды. Түркістан қаласының маңындағы аймақта тас дәуірі ескерткіштері-Шоқтас, Қошқорған сынды құнды тарихи мекендер көп. Айта берсем, зерделей берсем Түркістанның тылсым күші ашыла түспек.
Ертеде Түркістан қаласы “Ясы” деп аталған. Қала алдымен темірліктердің, кейіннен шайбанилерге қараған. Ал ХVII ғасырдан бастап үш жүз жылға жақын уақыт қазақ хандарының тұрағы-астанасы болған. Түркістан атауы қазақ тілі ономастикалық кеңістігіндегі түркі халқы мәдениетінің айрықша мәнге ие-феномендік атау. Түркістан адамзаттың алтын бесігі, ұлтымыздың бой тұмары деседе болады. Менің туған жерімнің осындай тарихының тереңде жатқанына қуанамын!
Қазақтан шыққан қаншама ақын-жазушылар:”Түркістанды тарихтың өткен ғасырдың бізге берген үлкен қазынасы” деп биік тұтады. Сонау Ұлы Жібек жолының кезінде сауда-саттығы дамыған ірі қалаға айналды. Жібек жолы тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына үлкен үлес қосты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ бен Алтай, Сібірмен тығыз сауда байланыстары болғандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер мен құнды қазба деректер дәлел бола алады. Еуропа еліне тауарлардың тасымалдануы арқылы Түркістанға қала мәдениеті жеткен. Шығыс пен батыстағы саудагерлерді қабылдау арқылы салауатты мәдениет жарата алды. ХV ғасырда Түркістан Сырдария өңірінің саяси және экономикалық орталығына айналды.Түркістан- Кіші Мекке және Хазреті Түркістан аталды.
Оңтүстіктегі ислам діні орнығуына байланысты бұрынғы тәңіршілдік, анимизм пантейістік наным-сенімдеріне қатысты көптеген аңыздар мен әпсаналар көптеп тарағандықтан Түркістан қаласы сонымен қатар орта ғасырлардың өзінде ірі білім орталығы болғандығы белгілі.Оның мәдени өмірінде дәруіш ақындардың, ислам дінін уағыздаушылардың да шығармалары үлкен орын алады.Мың жарым жылдан аса өмірбаяны бар Түркістан-ержүрек батыр қала. Жоңғар шапқыншылығын, моңғол-татар, жаугершілігін көрген қала. Ұлы соғыстардың көргеннен соң қаланың біраз бөлігі қирап қалған.Сол себепті біраз тарихи орындар жойылып кеткен. Кейіннен Алаш астанасы болған тұста қайта жөндеуден өткен. Қалада жөндеу-механик, мақта тазалау, жем, кірпіш зауыттары, темір-бетон бұйымдарын шығаратын, тұрмыс-қажетін өңдейтін комбинаттар тағыда басқа кәсіпорындар іске қосылды.
Менің туған жерім жайлы деректер, тарихнамалар өте көп, бұл тек бір сыпырасы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай:
— Адам баласы-шексіз зерденің ғана емес, таңғажайып сезімнің иесі. Туған жер-әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрседе жүрегінің түбірінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды!
Осынау құдіретке ие жер, әсіресе мен үшін қашанда болмасын маңызын жоймайды.
Түркістанның табиғатынан сыр шертер болсам, өзге аймақтардан ерекшелігі сол, төрт мезгілдің өзінде жылы, бір қалыпта тұрады. Әсіресе көктем айында:менің туған жерім ерекше сұлулыққа ие болады. Қаланың біраз бөлігін қызғалдақтар әшекелейді. Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің алдына гүлден кілемше төселеді. Өзім сол кесене бойымен жүрсем жан дүнием демалып, ғажайып сезім пайда болады сол себепті ол жерге баруды мен ғана емес, қала халқыда зиярат етуді әдетке айналдырған. Көктем мезгілінде қалаға туристер өте көп келеді. Зиярат етуші адамның қарасы мол болады. Қалаға алғаш келген туристер:Түркістанның ұлы тарихына тәнті болады. Ғасырлар бойы сақталған кесенелерді, қыш-құмыраларды көргенде құдды бір өткен ғасырға саяхаттағанда күй кешеді. Бұл құдіреті мол Түркістан қаласы тек менің ғана емес, күллі Түркі халқының туған мекені. Түркістан қаласының маңайында киелі тағы бір кесене бар. Ол Арыстан-баб ұлы ғұлама, Яссауидің ұстазы болған. Ең әуелде осы кесене салынды себебі ұстазына тағзым берсе ғана шәкірті риза болар деп. Әмір-Темір Арыстан-бабты салдыруды ұйғарады.
Оңтүстіктің әрбір бұрышы осындай тарихқа ие. Қазақстандағы көптеген кесене осында орналасқандықтан, елбасымыз:”оңтүстікке баса назар аударуды міндеттеді!”. Соның негізінде, қазір Түркістан қаласында түрлі ойын сауық орталықтары мен спорт кешендері салынған. Спорт кешені демекші, Түркістаннан шыққан былғары қолғап шебері Бекзат Саттархановтың атындағы спорт орталығы бар.Жас спортшы өзінің күшімен әлемді таңдай қақтырған. Жастай бақилық болған қазақ спортшысының аты мәңгі Түркістан халқының жадында сақталары анық! Тек қана Түркістандықтар үшін емес бүкіл Қазақстан үшін аты өшпейстін батыр болары күмәнсіз. Осыдан-ақ Түркістан дара тұлғалардың мекені екені даусыз. Түркістаннан шыққан эстрада жұлдыздарыда өте көп. Бұл Оңтүстіктің деңгейін жоғарылатады. Мен де қазақ халқының зиялысына айналу арманым және мақсатым. Өзімнің туған жерімнің ірі тұлғасы болып оның атын күллі әлемге таныту. Мен өзімнің туған жерім жайлы айтудан ешқашан талмаймын!
2018 жылы-Түркістан облыс орталығына айналды бұл-қаланың маңызының жоғарылауын білдіреді. Заманы туып, облыс орталығына айналған қастерлі шаһар енді ұлтымыздың рухын көтеретін келешегі кемел Түркістанға айналмақ. Қазір қаланың әрбір көшесі жаңартылып, толығымен жабдықталуда. Түркістанда 1992 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті ашылды. Онда шет ел студенттеріде білім алуда. Қазіргі таңда университет Анкара қаласымен келісімшартқа отырып спутниктік жүйе жұмыс істейді. Байқап қарасаңыздар: Түркістан білім жағынанда мемлекеттің алдыңғы орнында жәнеде бұл жерден Қазақстанның халық көп шоғырланған екендігін, халықтың ішінара қатынасынан байқауға болады. Қала халқы өте қонақжай жалпы оңтүстік өңір жайдары халық екені анық.
Оңтүстікте ауылшаруашылығы мен дәнді дақылдар өңдіру жақсы дамыған, тіпті шетелге өнім шығаратын азықтары өте көп. Бұл елдің ішікі өнімінің жоғарылауына үлкен септігін тигізеді.
Жалпы мен үшін Оңтүстік өңірдің кез-келген аумағы туған жердей ыстық. Мен өзімнің оңтүстігім жайлы, Түркістаным жайлы айтарым өте көп. Мен осы шығарма арқылы туған жердің қадірі мен тарихын толықтай жеткізе алдым деп ойлаймын. Бұл арқылы еліміздің әрбір азаматына Туған жер деген ұғымның киелі екенін біліп, бас иіп, оған адал қызмет етуге шақырамын.  Туған жер-өзің мейлі онда болмасаңда оймен барып қайтыртатын күшке ие. Және де бізге бұл жердің оңай келмегенін Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен жеткенін жадымызда сақтаған жөн. Ендеше, осындай алып Отанды сүйіп өту кімгеде болсын парыз әрі қасиетті міндет. Туған жерді сүю оның әрбір тасын сүюден басталады. Менің шығармамнан тарихқа бір көз жүгіртуге болады. Туған жерімнің тарихы тереңде жатқанын, қасиетті күшке ие екенін әрдайым айтуға дайынмын. Сөзімнің қорытындысында мен өзімнің туған жеріме деген махаббатым арқылы тәмамдамақпын!
Мен өз елімді, өз жұртымды жақсы көремін және мақтан тұтамын! Елім, туған жерімнің атын әлемге таныту үшін бар күшімді саламын!

А.Пайсханқызы