«Табиғат — біздің ортақ үйіміз» атты саяхат ұйымдастырылды
Түркістан қалалық №9 кітапхана филиалы «Табиғат — біздің ортақ үйіміз» атты саяхат ұйымдастырды. Мақсаты — балаларды экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу, табиғатты қорғай білуге, сырын білуге, бір бірімен жақсы қарым қатынаста болуға, бірігіп жұмыс жасай білуге. Ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, сөздік қорын молайтуға үйрету. Табиғаттың ұқыптылыққа және шынайылыққа тәрбиелеу. Саяхат барысында оқырмандарға қызықты сұрақтар қойылып, қызықты жауаптар алынды. Балалардың табиғат аясында отырып кітаптар оқып сұрақтарға оқырмандар еркін түрде қысылмай жауап берді.