«Ел мүддесімен ұштасқан — жолдау» атты  пікір алмасу кеші өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында құрылған ақпараттық-насихаттық топтың бекітілген кестесіне сәйкес, Түркістан қалалық орталық кітапханасы қызметкерлері арасында талқыланды. Кітапхана директоры Күлзада Жұмағұлқызы Малдыбекова жиналысты ашып, жүргізіп отырды. Кітапхана қызметкері Марияш Мамирова өз баяндамасында Жолдау мен мемлекет басшысының берген тапсырмаларының маңыздылығын және алға қойған мақсаттарды атап өтті.

Сонымен қатар, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті  Қ.К Тоқаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы «Ел мүддесімен ұштасқан — жолдау» атты  пікір алмасу кеші «Ұлы дала» орталығында мәдениет қызметкерлерімен өткізілді. Кеш қонақтары мәдениет зейнеткері Ұ.Мұстафаева кітапхана зейнеткері Р.Сержанова мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Ә.Сәкенұлы қатысып, өз пікірлерімен бөлісті. Кештің мақсаты болашақ жастарымызға бағыт-бағдарды айқындап беру.

Жолдауды таныстыру және оның еліміздің болашағы үшін маңыздылығын баяндай  отырып, мән-мағынасын, сондай-ақ Жолдауда белгілеген тапсырмаларды жүзеге асыруды жоғарғы жауапкершілікпен атқару әрбір азаматтың міндеті екендігін түсіндіру мақсатында барлық кітапханаларда атап айтқанда №9 кітапхана-филиалы «Жолдау — жаңғырудың даңғыл жолы», №5 кітапхана-филиалы «Жолдау – болашаққа апарар жол»,  №7 кітапхана-филиалы «Жолдау – ел ертеңінің бағдары» тақырыбында пікір алмасу, дөңгелек үстел, ақпараттық сағаттар өткізіліп, насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Ал, Түркістан қалалық  орталық кітапхана ұжымы болып Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауына талқылау жасады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламенттің бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасады. Бұл Жолдау еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күнге бетбұрысын айқындап берді. Барлық бағыттардың дамуы, ел тағдыры үшін аса маңызды. Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа Жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей.

ОКЖ директоры Малдыбекова Күлзада Жұмағұлқызы сөзін түйіндей келе мемлекет басшысының жолдауда ұсынылған өте ауқымды бастамалардың жүзеге асуы үшін барлығымыз жауапкершілікті сезіне отырып, жаңа Қазақстанның құрылуына үлес қосуымыз керек — деген сөзімен қорытындылады.

Сонымен қатар балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Жаңа жолдау – Жаңа табысты бастамалар» атты тақырыпта ақпараттық сағат өткізілді.