Түркістанда «Рухани салт- дәстүр отбасының тәрбие көзі» атты дәстүр кеші болып өтті

Түркістан қалалық орталық кітапхана жанынан ашылған «Замандас» клубының ұйымдастыруымен «Рухани салт- дәстүр отбасының тәрбие көзі» атты дәстүр кеші болып өтті. Кештің мақсаты өскелең ұрпаққа ұмыт болып бара жатқан сал — дәстүрлерімізді кеңінен насихаттау, жастарды имандылыққа, елжандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелеу. КешкеТүркістан қаласының ақын — композиторы, мәдениет майталманы, Түркістан «Саз өнер» мектебінің ұстазы Өтеуова Қаламқас, ұстаз, зейнеткер, аяулы әже Елеусізова Ақмарал, Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Малдыбекова Күлзада Жұмағұлқызы, кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Журкаева Жансұлу Божбанбайқызы, директор орынбасары Базарбекова Жанар Құнанбайқызы, Түркістан қалалық орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Әлмахан Нұргүл, Түркістан көпсалалы қолөнер колледжінің кітапханашысы Одаман Гүлсара қатысып, салт — дәстүр құндылықтары туралы жастарға тоқталып айтып өтсе, Ергеш Иззатулллаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Мирзаханова Аманаты, Тоқташова Махзуна, Түркістан көпсалалы қолөнер колледжінің студенттері Бекзат Мөлдір, Әскербекова Аружан, Шериева Айдана, Нұрділдә Қарлыға, Сапар Ақниет, Зайнитдинова Нилуфар, Сырлыбек Қарақат, Ермаханбет Нұрдана ана, салт- дәстүр туралы жыр шумақтарын мәнерлеп оқып берсе, Қаныбекұлы Нұрислам «Ана», «Түркістан», Түркістан көпсалалы қолөнер колледжінің студенті Тұрдыбек Әйгерім «Атамекен», Ергеш Иззатулллаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Алимов Ұлықбек «Отан» атты патриоттық әндерін нақышына келтіріп орындады. Кеш соңында оқырмандар «Салты мықтының — халқы мықты» атты кітап көрмесімен танысты.