САРАПХАНАДА БІРШАМА ІСТЕР АТҚАРЫЛЫП КЕЛЕДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022-жылғы 11-қаңтардағы Парламент Мәжілісінің отырысында жасаған мәлімдемесі мен ағымдағы жылғы 16-наурыздағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» Жолдауына сәйкес, атқарушы билікке біршама мақсаттар жоспарланған.

Сарапхана ауылдық округінің тұрғындарымен аудан әкімі А.Абдуллаевтың үш рет кездесуі өтті. Сол кездесуде барша халықтан түскен өтініш талаптарды атқару бойынша төмендегі жұмыстар атқарылуда.

Сәуір айында орын алған нөсер жаңбырдан келген зардаптардың салдарларын жою бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Онда 15 тұрғын үйлердің аулалары мен қоражайларына, 1 дәмханаға су кіріп, 203 уақ мал шығын болды. Зардап шеккен отбасыларына «Қазақстанның Қызыл айы» қоғамы арқылы 11200,0 мың теңге, малдары шығын болған 26 отбасына аудандық бюджеттен 480,0 мыңтеңге, арнайы құрылған қордан 5590,0 мың теңге, жалпы 6070,0 мың теңге, барлығын қосқанда тұрғындарға 17200,0 мың теңге өтемақы төленді.
Талдыбұлақ елдімекеніне 2021 жылы табиғи газ жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жылы тұрғындарға газ беру жоспарлануда.
Талдыбұлақ елдімекеніне 157 млн 616 мың теңгеге ұзындығы 6 км. жолды, сонымен қатар Жіңішке елдімекенінің Жіңішке көшесіне 61 млн 497 мың теңге, Бірлік көшесіне 66 млн 167 мың теңгеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыстары басталды, 2023 жылға өтпелі болды.
2022-жылы инвестициялық құны жалпы 1 млрд. 876 млн. теңге құрайтын 5 жобада 53 адам тұрақты жұмыспен қамтылу жоспарлануда.
«САУ-АС»ЖШС 4,0 га жылыжай құрылыстары жүргізіліп, 4,0 га жылыжайдың іске қосылуы жоспарлануда. Тартылған инвестиция құны – 1 млрд. 430 млн. теңгені құраса, бұл жұмыстар басталғанда 32 адам тұрақты жұмысқа тартылады.
Елдімекен шегінен «Қазығұрт Нұры» ЖШС 1,0 га жер теліміне жылыжай кешенін салу жоспарланған болатын. Соның ішінде, қазіргі таңда жылыжайдың құрылыстары біршама аяқталған, жыл соңына дейін құрылыс жұмыстарын жүргізіледі. Құрылыстары аяқталған жағдайда 10 азамат жұмыспен қамтылады.
2022-жылы 24-маусым күні Сарапхана елдімекенінде Қазығұрт аудандық «Парасат» пікір талас клубының көшпелі отырысы аудан әкімі А.Абдуллаевтың қатысыумен өтіп, онда қазіргі таңда өзекті болып тұрған жайылым жер мәселелері талқыланды.
30-тамыз Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай Сарапхана елдімекенінде орналасқан «Мәңгілік ел» саябағының ішінен аудандық бюджет есебінен 37 млн теңгеге биіктігі 45 метрлік ту тігілетін бағана орнатылып, ту тігілді. Сонымен қатар Сарапхана ауылында екі қабатты «Зат» бөбекжай балабақшасы заман талаптарына сай салынып ашылу салтанаты аудан әкімі А.Абдуллаевтың қатысумен өтті.
Жалпы ауыл округі әкімі аппараты, ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту бағытындаалдағы уақытта жұмыстар атқаруға әрдайым дайын.

С.ЕСИМБЕТОВ,
Сарапхана ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы.