Шымкентте «Өртке саптық дайындық» шарасы өтті
Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығы және Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының ұйымдастыруымен «Өртке саптық дайындық» шарасы өткізілді, деп хабарлайды oninfo.kz ақпараттық агенттігі.
Аталған іс-шараға Еңбекші ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Шәріп Асқар және «Авиценна» медицина колледжінің студенттері қатысты. Іс-шара барысында ТЖБ қызметкері «Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі» және биік қабатты үйлердегі балалардың қауіпсіздігі тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қосымша ақпараттандыру парақшалары таратылды. Шымкент қаласында болып жатқан барлық төтенше жағдайлардың 86%-ы өрттің салдарынан болған. Қауіп жылыту кезеңі қарсаңында күрделене түсуде. Қалада соңғы 8 айда 131 өрт тіркеліп, 1 адам қаза тапса, 2 адам жарақат алған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 13%-ға өскенін көрсетеді.
Алдағы жылыту маусымында қауіпсіздік шараларын барынша сақтап, қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов құзырлы мекемелерге тиісті тапсырмалар жүктеді. Анықталғандай, статистикалық мәліметтер негізінде мұндай немқұрайдылықтың негізгі себептері қала азаматтырының қоқысты жинап жағу, сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастау, балдардың отпен ойнауы, шыны ыдыстарды құрғақ шөпке тастап кетуінен орын алған. Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкент қаласының аумағында табиғи өрт тіркелмеген. Қала аумағында орман-дала өрттерін болдырмау мақсатында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын 53 км және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 320,2 сондай-ақ орман алқаптарында 300 км, 377 км егіс алқаптарының айналасында минералдық жолақтар салу жұмыстары жүргізілді. Орман шаруашылық қожалықтары және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өрт- тактикалық оқу жатығу өткізілді.