IteachMe – ынтасы бар адамның әлеуетін арттырады
Елімізде «ITeachMe» деп аталатын компетенцияларды дамыту орталығы жұмыс істеп келеді. Қоғамдық қордың мақсаты – адамдарға заманауи мамандықтарды үйретіп, әлеуетін арттыру арқылы тең мүмкіндіктер сыйлау.
Аталған орталық осы уақытқа дейін 50-ге жуық курс ұйымдастырып, 500-ден астам адамның әлеуетін арттырған және түлектердің 90 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқан. Олардың арасында кәсіпкерлер немесе ақылы курсқа қатсушылардан бөлек, мүмкіндігі шектеулі, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасынан шыққан адамдар да бар. Жалпы, оқуға 6000-нан астам адам өтініш білдірген.
Сондай-ақ, IteachMe орталығының түлектерінің арасында іргелі компанияларда қызмет атқарып жатқандар және өзінің бизнес жобасымен мемлекеттік грантқақол жеткізгендер бар.
Айта кетсек, мемлекеттік органдармен әрдайым бірлесе жұмыс атқаратын қор ҚР Президентінің құрмет грамотасы сынды марапаттарға ие болған.
Орталықпен iteachme.kz порталы, @ iteachme.kz (Instagram, Facebook) парақшалары және iteachme2020@gmail.com электрондық адресі арқылы байланысуға болады.