nFactorial School – кәсіби бағдарламашыларды дайындайтын ең үздік мектеп
nFactorial мектебінің негізін 2015 жылдың 23 маусымында Арман Сүлейменов қалаған. Содан бері бұл мектепті 650-ден астам түлек бітіріп, олардың 35-і үздік бағдарламашы-ментор дәрежесін иеленген.
Бүгінде 2500-ден астам мүшесі бар қауымдастық осы уақытқа дейін 300-ден астам қосымша жасап шығарған. Олардың арасынан «Ұлттық аспаптарға арналған тюнер», «GeoGuessr», «Кел, балалар, оқылық» сынды бағдарламаларды ерекше атап өтуге болады. Одан бөлек, мектеп түлектері мен менторлар тегін сабақтар мен вебинарлар өткізіп тұрады.
Бұл мектептің негізгі мақсаты – 10 000 бағдарламашыдан тұратын арнайы жасақ құрып, IT өнімдері мен қызметтерін экспорттау арқылы ел экономикасына 1 миллиард доллар пайда түсіру.
Тиісінше, қазіргі уақытта аталған мектептің түлектері Facebook, Google, Apple, Delivero Hero, Yandex, Kolesa, Chevron сынды әлемдегі алпауыт компанияларда қызмет атқарып жатыр. Сондай-ақ, 2021 жылы мектеп негезін қалаушы бірден дүниежүзіндегі әйгілі алты IT компаниядан ұсыныс алған.
Мектеппен suleimenov@gmail.com (Арман) және nfactorialschool@gmail.com (Далида) электрондық мекен-жайы немесе +7 (701) 508 0505 телефоны арқылы байланысуға болады.