СОТ ЖҮЙЕСІН ҮЛКЕН ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР
– Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Қазақстан халқына Жолдауын тыңдадық. Мемлекет басшысының Жолдауын тыңдай отырып елімізде бірқатар салаларда үлкен өзгерістер болатынын аңғаруға болады. Ең бастысы Әділетті Қазақстанды орнату енді басталатыны айтылды. Мүмкін өткен уақыттағы атқарылған жұмыстар соған дайындық болған деп ойлаймын. Қазіргі таңда елімізде халықтың әл-ауқатын жақсарту ең басты мәселе екені анық. Жолдауда халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсартуда нақты тапсырмалар берілді. «Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді. Бұл өз кезегінде оның көлемін кезең-кезеңмен арттыруға мүмкіндік береді», — деді Мемлекет басшысы. Осы орайда Президент ең төменгі жалақы деңгейін 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін көтеру шешімін қабылдағанын айтты. «Бұл 1,8 млн адамның кірісіне қатысты болады» деді Президент.