Түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Есірткі жарнамаларының алдын алу бойынша сауда нүктелерінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасаған oninfo.kz.
Шараның мақсаты адамның ой түйсіктеріне кері әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын туғызатын бейнелер мен жазулары бар есірткі заттарын насихаттаудың және жарнамалаудың алдын алу. Сонымен қатар АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, уақытылы АИТВ/ЖИТС-дан тексеруден өту.
Іс-шара барысында жауапты мамандар аймақ кәсіпкерлеріне жүгініп, адамның ой түйсіктеріне кері әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынғанын түсіндіріп өтті. Оның ішінде сатушылар мен сауда иелеріне ашық түрде есірткі заттары бейнеленген киім-кешектерді, тұрмыстық бұйымдарды сатқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.