ШЫМКЕНТ: Достық шағын ауданы сапалы электрмен қамтылады
Шымкент қаласы Достық шағын ауданы сапалы электрмен қамтылады, деп хабарлайды oninfo.kz.
Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту өзекті мәселенің бірі. Бүгінде электр тарату бекетіне керекті жабдықтар орнатылды. Жалғап қосу, қосылу көзіне кабель желісін жалғау және 13 электр трансформаторларын орнату, 7 шақырым 10 кВ кабель желісін тарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарының 83%-ы аяқталды. Қарашада абоненттеу жұмыстары жүргізілмек. Сапалы электр қуатымен қамту үшін 8 нысанда құрылыс жұмыстары қарқын алған. Жыл соңына дейін шымкенттіктердің 99%-ы сапалы электр қуатын тұтынатын болады.
Үшінші мегаполисте қазіргі таңда, электрмен қамту деңгейі 97%-ды құрайды. Қаладағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылған. Ал қалған 8 елді мекенде электр қуаты сапасыз. Өткен жылы қалада «Бозарық» 220 КВ мен«1-М-1» 110КВ электр тарату станциясы және 7 елді мекенде құрылыс аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Нәтижесінде Ақжар, Жалын, Достық, Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік және Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекендері сапалы электр қуатымен қамтылды. Биылғы жоспар бойынша «Ақжар»110КВ қосалқы іске қосылып, Достық-2, Батыс, Тұран, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас шағын ауданының тұрғындары мемлекеттік жүйедегі электр жарығына қол жеткізеді. Ал, 2023 жылы Қайнарбұлақ пен Солтүстік саяжай, Асар-2 (2-кезек) желі құрылысы аяқталып, пайдалануға берледі.
Айта кетейік, қаланың даму жоспарына сәйкес, 2021-2025 жылдар аралығында 6 қосалқы станцияны пайдалануға беру жоспарланған. Шаһарда 2023 жылы Қызылсу 220кВ және ВЛ 220 кВ қосалқы станциясының құрылысы басталса, 2024 жылы Оңтүстік 220кВ, Тұран 110кВ, Ипподром 110кВ, Шымсити 110к станциялыраның құрылысы жүргізіледі. Аталған жұмыстар жүзеге асырылғанда 2025 жылы қалада сапалы электрмен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетпек.