ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ 13 ШІЛДЕДЕН БАСТАЛАДЫ

Тұрғын үй сертификатына өтінім қабылдау 13 шілдеден бастап мемлекеттік көрсетілетін қызмет ретінде www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы электронды түрде қабылданады. Тұрғын үй сертификаты — «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20», «5-10-20» бағыттары шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін азаматтарға берілетін әлеуметтік көмек.
Тұрғын үй сертификатының сомасы әрбір алушы үшін 1 млн. (бір миллион) теңгеге дейін бірыңғай мөлшерде айқындалған.
Тұрғын үй сертификаты әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде өтініш берушіде және онымен үнемі бірге тұратын отбасының әрбір мүшесіне ағымдағы қаржы жылына заңнамада белгіленген айына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен аспайтын (2022жылға-36 018теңге) соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 111 656 теңгеден аспауы тиіс (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және өзге де міндетті аударымдарды қоспағанда).
Тұрғын үй сертификатын алушылар санатына жататындар:
— мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
— көпбалалы отбасылар;
— толық емес отбасылар.
— Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарының, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) нысан бойынша өтініш;
2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
3) соңғы 6 ай ішіндегі еңбек және кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама;
4) жұмыс орнынан анықтама (халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда);
5) қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы банктің хаты.
Тұрғын үй сертификатына өтінімдер кezekte.kz. интернет ресурсы арқылы қабылданады.
Әрбір азаматтың электронды цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет.