ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ ТОЙЛАНДЫ
Бүгін «Тәуелсіздік» саябағында 4 – маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздері күні» мерекесіне арналған іс-шарасы өтті.
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ рәміздер – халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Іс-шара сөз алған қала әкімі Мұрат Әйтенов Тәуелсіздігіміздің бастауы болған Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер.
—Санғасырбойыбабаларымыз еркін ел болуды аңсады, азаттық жолындағы күресте олардың біразы құрбан болды. Бірдежеңдік, бірдежеңілдік. Жеңіскежетсек,елбірлігініңарқасында,ынтымағымыздың арқасында болды. Жеңілсек, ауызбіршіліктің, ұйымшылдықтыңжетіспеушілігінің салдарынан болғаны анық. Бұл — тарихишындық. Оданбізсабақалуғатиіспіз. Осының бәрін ескерсек,бiздiң санамызда «бiр тудың астына бiрiгу» ұғымы тектен текке қалыптасқан жоқ. Мемлекеттiк мерекелермен спорттық жеңiстер секiлдi Отанымыз үшiн маңызды сәттерде рәмiздеріміздің айбыны асқақтайды. Ресми халықаралық шараларда Әнұранымыз шырқалып, көк Туымыз көкке көтерiлгенде әр қазақстандықтың жүрегiн ерекше мақтаныш сезiмi кернейдi.
Біз бірігіп, Мемлекет басшысы айқындаған Жаңа Қазақстанды жүзеге асыратын боламыз. Қазақта: «Туы биік елдің—тұғыры биік» деген нақыл бар. Азат елдің символы саналатын рәміздерімізді әрқашанда құрметтеп, қастерлей білу—ұрпақтардың Отан алдындағы борышы,—деді қала әкімі.
ҚР Мемлекеттік Ту ұстаған шерушілер үш топқа бөлініп қала көшелеріне шеруге шықты. Әуелеткен ән, туды желбіреткен 30 автокөлік шерушілері Төле би көшесінен шығып Ордасы алаңында бас қосса, 30 велоспортшылар шеруімен Қазыбек би көшесінен Ордабасы алаңына және Ту көтерген 30 еріктілер Әйтеке би көшесінен Орбасы алаңына келеді.
Тәуелсіздік саябағы, Рәміздер алаңында сағат 10.00-де Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.
Іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы және депутаттар, барша патриот жастар қатысты.