Өзекті мәселе

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласы бойынша Сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы 105 тармағының орындалуы бойынша мәслихат депутаты, фракция мүшесі ретінде қоқыс контейнерлерін жаңарту жұмысы бақыладым. Қала тазалығы қала тұрғындары үшін маңызды. Қоқыс алу, тазарту мәселесі өзекті. Бұл бойынша тұрғындар тарапынан көп өтініштер мен ұсыныстар түскен. Сол себепті қоқыс контейнерлерін жаңарту, тұрақты өз уақытында тазалау жұмыстары партия назарында болады.

#AMANAT_DEPUTAT