МӘСЕЛЕ ПАРТИЯ НАЗАРЫНДА
«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласы бойынша Сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы 101 тармағының орындалуы бойынша мәслихат депутаты, фракция мүшесі ретінде Абай ауданында орналасқан саябақ, скверлердегі құрылыс жұмыстарын бақыладым. Мәселен Абай атауы берілген сквердегі жол салу жұмыстары өте сапасыз. Ойдым-ойдымы шыққан жолдарды мердігердің кепілдік мерзімі аяқталғанға дейін жөндеу керектігің қатаң ескерттім. Және бұл Абай аудандың партиялық бақылау комиссиясының назарында болады. Аталған мәселе бойынша Абай ауданы әкімінің аппараты жұмыс жүргізуі тиіс. Қаламыз әр тұрғын үшін өмір сүруге лайықты болуы керек. Абай аудандық партиялық бақылау комиссия төрағасы Н.Бұхарбай.
#AMANAT_DEPUTAT