Қоғамдық қабылдау
Бүгін Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ретінде Абай аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткіздім.
Қабылдауға жазылған азаматтардың жеке-жеке сауалдарын тыңдап, олардың талап тiлектерiн тыңдадым. Атап айтар болсам тұрғын үй және жер кезегінің жылжымауы, денсаулық және түрлі әлеуметтік мәселелері көп айтылады. Әрбір өтінішпен шағымдарды қабылдауға жазылған азаматтарға заң аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, олардың талап тілектері назарда болатынын жеткіздім.
Нұрғазы Бұхарбай.
#AMANAT
#AMANATпартиясы