КЕЛЕСКЕ СУ, БІРЛІК ПЕН ОШАҚТЫҒА ГАЗ ҚАШАН БЕРІЛЕДІ?

Бүгін Түркістан облысы мәслихатының Әлеуметтік даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті. Күн тәртібінде жалпы саны 12 мәселе қаралды.

Өз кезегімде, халық тарапынан келіп түскен өтініштер негізінде екі мәселе көтердім.

Алғашқысы Келес ауданындағы жер асты суларына байланысты. 2015 жылы Арасан ЖШС мекемесі мемлекеттік сатып алу бойынша ауданның жер асты суларын екі жылдай зерттеп, қорытынды шығарған. Алайда қазіргі таңда ол зертеулер негізінде қазған жерден су шықпайды.

Жауаптылар бұны 2015 жылдан бері жер асты сулары картасы өзгеріп, сулар төмен кеткенімен түсіндірді. Мәселені шешу үшін, аталған жерлерді тереңірек қазу қажет болады. Ол үшін аудан әкімшігі тиісті қаражатқа сұраныс жіберуі қажет екен.

Екінші өзекті мәселені Бірлік және Ошақты ауыл округтеріне қатысты көтердім. Аталмыш аймақ бойынша бүгінде жалпы саны 11 елді мекенде газдың сметалық құжаттамасының мерзімі өтіп кеткен. Сондай-ақ, ол аймақта магистральді газге қосылу нүктесі жоқ. Осылайша, газ өткізу бойынша жұмыстар тоқтап тұр. Ал бір қағаз құжаттың кесірінен, қаншама халық газсыз отыр.

Аталған мәселелерді Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй- коммуналдық басқарма басшысының орынбасары Роза Олжабайқызына өз бақылауына алуды сұрадым.

Түркістан облысының мәслихат депутаты Нұралы Давлетяров.