2022 жылы Ораза қашан басталады?

Ораза – мұсылманның бес парызының үшіншісі. Ораза ұстаған адам таң атқаннан күн батқанға дейін ниетін бекітіп, тамақ ішуден және өзге де оразасын бұзатын заттардан бас тартады. 2022 жылы Рамазан айы 3 сәуір басталып, 2 мамыр аяқталады.

Таң атқаннан күн батуына дейінгі аралық – ораза уақыты. Құранда ораза уақыты туралы былай делінген: «Таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) ажыратылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, сосын оразаны кешке дейін ұстаңдар».

Рамазан айы адамдарды тек нәпсісін тиюға ғана үйретіп қоймайды. Ол адамдарды жамандықтан сақтайды. Құранда айтылғандай, негізгі мақсаты – мұсылманды тазартып тақуалық деңгейге жеткізеді. Сонымен қатар ораза кезінде ырыс-берекетінің қадірін түсінеді. Әдетте түрлі тағамды жеп жүрген адам Рамазан айында күні бойы аштық сезімін сезінеді. Кешке ауыз ашқан соң судың да қадіріне жетеді.

 

 

stan.kz