4 пайыздық автонесие: Талапқа қандай көліктер сәйкес келеді?
Несие автокөлік құнының тек 10 миллион теңге бөлігіне рәсімделеді.
Қазақстанда жеңілдетілген авто несиелендіруге 2022-2025 жылдарға 150 миллиард теңге бөлінеді. Бағдарлама аясында биыл 30 млрд теңгені игеру жоспарланған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұл жобасына қазірдің өзінде екінші деңгейлі банктерден 15 мыңнан астам өтінім түскен. Бағдарламаға кез келген қазақстандық азамат қатыса алады. Алайда олардың басқа несиесі бар-жоғы мен қарызды қайтару мүмкіндігін зерттеп, автонесиені беру-бермеу жөніндегі шешімді банк қабылдайды.
«Жеңілдетілген автонесиелендіру бағдарламасына біз 150 млрд теңге қарастырдық. Бұл қаржы 2022-2025 жылдар аралығында кезең-кезеңімен игеріледі. Алғашқы траншқа 30 млрд теңге бөлуді сұрап отырмыз», – деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің басқарма басшысы Руслан Хисамудинов.