КӨМЕГІН АЯМАЙТЫН ДЕПУТАТ!

Шымкент қаласындағы депутаттар халыққа бір табан жақын екенін көріп жатамыз. Оны өздерінің жеке парақшасында жариялап жатады. Бірақ кей істерді көпшілікке жарияламай жұмыс жасап жатқандары да бар. Солардың бірі Лазиз Сулайманов!

Жақында ғана өз есебінен 420 отбасыға ауыз су кіргізіп беріп, көпке үлгі бола білді. Жарайсыз, Лазиз мырза!

Бұл өз есебінен жасаған жұмыстарынан бөлек, өзіне берілген жүкті де көтеріп жүргені бар. Яғни ол, депутаттық сауал.

Сол көтерген сауалы жеке меншіктегі мектептердегі оқушыларға берілмей жатқан көмектер жайлы еді. Яғни жеке меншік мектептерде білім алатын аз-қамтылған отбасы балаларына әлеуметтік көмек берілмейді. Мақсат жеке меншік мектепте білім алатын аз қамтылған отбасылардың баларына да мемлекеттен кітап беру, ыстық тамақпен қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек беру.

Бұл депутаттық сауал Шымкент деңгейінде көтерілгенімен, оның шешімі республика көлемінде шешіліп, жүзеге асқалы отырғаны сөзсіз көңіл қуантады! Бұл да еңбегіміздің бір жемісі! Енді республика деңгейінде жеке меншік мектепте оқитын аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларымыздың бәрі тегін тамақ, кітап және әлеуметтік көмек алатын болады!

Айта кетерлігі, бұл сауалды сенат Нұрлан Бекназаров ағамызға жолдаған болатын. Бұл аманатты Нұрлан аға Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдап, Республика көлемінде шешімін тапқызып жатыр. Бұл ортақ жеңіс десе де болады. Ұйымшылдығы басым киелі оңтүстігімді жақсы көрем .

Ісіңізге, сәттілік!

О.Мамыр