ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар білім беру нысандарының құрылыс барысын аралап көрді.
Шаhар басшысы «Тұран» шағынауданындағы 1200 орындық мектептің құрылыс барысымен танысып, жұмыс сапасын бақылады.
Құрылысқа жауапты бас мердігер — «АРТ-құрылыс» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2019 жылдың қараша айында басталған еді.
Мердігер компания өкілдері құрылысты биыл тамыз айында аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Қала әкімі жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы орындап, межелі мерзімді тапсыруды міндеттеді.