ШЫМКЕНТТЕ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА 2 ЕЛДІМЕКЕНГЕ АУЫЗ СУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданының шалғай елдімекендері саналатын Ақтас-2 және 276 орамда ауыз су құбырларын тарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Жасалып жатқан жұмыстардың барысын бақылаған аудан әкімі Рашид Мыңбаев мердігер мекемеге жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтауын сұрады. Жоспарға сейкес Ақтас-2 шағын ауданындағы ауыз су құрылысы 2021 жылдың қарашасында аяқталуы тиіс. Ал осы жылдың маусым айында басталған 276-шы орамдағы ауыз су құрылысы келесі жылға өтпелі. Аталған жұмыстар аяқталса 276 орамда 260 үй, ал Ақтас-2 шағын ауданында 45 үй сапалы ауыз сумен қамтылмақ.