М.ӘЙТЕНОВ КӨШЕ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫН АРАЛАДЫ

Әл-фараби көшесінің жалғасын салу құрылысы кестеге сәйкес атқарылуда.

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Әл-Фараби көшесінің жалғасындағы құрылыс жұмыстарының барысын аралап көрді.

Жол-құрылысының (А-2 жолынан М-32 жол айрығына дейін) ұзындығы — 7,6 шақырым, ені — 43 метр.

Қазіргі уақытта Әл-Фараби көшесіне қосылатын учаскеде 900 метр жолдың жер жұмыстары жүріп жатыр. Жоба құрылысы 2017-2021 жылдар аралығына жоспарланған болатын. Құрылысқа жауапты мердігер — «Отау-Строй» ЖШС.

Қазіргі таңда құрылыс бойынша 6,7 шақырым жол жамылғысы, ирригация жүйесі мен аяқжолдар салынды. Сонымен бірге, Әл-Фараби көшесіне жалғанатын 900 метр учаскесінде жер жұмыстары қарқын алған.

Дегенмен, 14 жер телімі құрылыс жұмыстарына кедергі келтіріп тұр. Сол себепті жер телімін мемлекет мұқтаждығына қайтарудың жолдары қарастырылуда.