8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АЯСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ
Шымкентте 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі аясында қалалық медициналық ұйымдарда Ашық есік күні өтеді. Іс-шара аясында дәрігер-хирург, гинеколог, репродуктолог, кардиолог және жалпы тәжірибелі дәрігер, ревматолог, невропатолог мамандарының қатысуымен медициналық тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Ашық есік күндері өтетін медицина ұйымдары мен уақыты:
1. Шымкент қалалық барлық емханаларда – 7 наурыз сағат 09:00-13:00 аралығында;
2. Шымкент қалалық онкологиялық орталықта – 9 наурыз сағат 09:00-13:00 аралығында;
3. Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханада – 10 наурыз сағат 09:00-13:00 аралығында;
4. Шымкент қалалық №2 ауруханада – 10 наурыз сағат 09:00-13:00 аралығында;
5. Шымкент қалалық №3 ауруханада – 10 наурыз 09:00-13:00 аралығында;
6. Шымкент қалалық перинаталдық орталықта 13 наурыз 09:00-13:00 аралығында;
7. Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында – 15 наурыз 09:00-13:00 аралығында
8. Шымкент Жүрек орталығында – 11-17 наурыз 09:00-13:00 аралығында.