30 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ
Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданында ұзындығы 11 шақырымды құрайтын орталық пен ішкі орамдық көшелерге асфальт төсеу жұмысы жоспарланып отыр, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда Сәуле шағынауданындағы Жеңістін 50 жылдығы тұйығы №1,2 көше, Жастар мен Жабаев тұйығы, Марқакөл, Ақсемсер көшесі, Жаңабазар тұйығы және Мұратбаев көшесінің жалғасы жөнделеді. МЖК ш/а Терешкова тұйығы, Терешкова өткелі, Қамал тұйығы (Застенная). 275 орамдағы Ақмылтық, Қаржантау, Үшағаш және Баянауыл көшесі. Сонымен бірге, қайта қалпына келтіретін Бекетті мен Красноярский көшесі, Желтоқсан және Іляев көшелерінің қиылысы Байтұрсынов көшесіне кіреберісі де бар. Ақжайық шағынауданында Ақжирен, Сәйгүлік, Самғау, Тайқоныр көшесі.
195 орам Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаулы және №1 көшелер. Самал-2 ш/а Жабай ата мен Мейірбеков көшесі. Жандосов тұйығы, Қалдаяқов көшесінен Хадиша балабақшасына дейін. Қазіргі сәтте, 275 орамда (4 көше), МЖК шағынауданында (3 тұйық) және 195 орамда (5 көше) асфальт салу жұмыстары аяқталды.
Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданында 50 көп қабатты тұрғын үйдің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстары жоспарланған.
Қазіргі таңда, абаттандыру жұмыстары 28 аулада жүргізіліп жатыр. Аталған аулаларда тұрғындар демалуына арналған орындықтар мен бастырма, қоқыс жәшігі, балалар ойын элементтері және ересектерге арналған спорт элементтері орнатылуда. Аталған жұмыстарға «Strong service»ЖШС-ы, «New level» ЖШС-ы жауапты. Ал қалған 22 ауланы абаттандыруға мердігер мекемені анықтау мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Одан бөлек Тәуке хан даңғылының бойындағы жол сызықтары мен жаяу жүргіншілер өткелі қайта сызылып, жаңартылды. Бұл жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі үшін түнгі уақытта атқарылды. Шымкент қаласында биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады. Жалпы бүгінге дейін 150 шақырымнан астам көшенің жол сызықтары жаңартылды.