2025 жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді?
Келесі жылы міндетті медициналық сақтандыру төлемдерінің көпшілігі өзгермейді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың 2025 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) қанша төлейтінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстандағы ең төменгі жалақы 2025 жылы бұрынғы деңгейде сақталатындықтан, міндетті медициналық сақтандыру төлемдерінің көпшілігі өзгермейтіні хабарланды.
«Тәуелсіз төлеушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін жарналарды есептеудің негізі ең төменгі жалақы саналады. 2025 жылы оның мөлшері бұрынғы деңгейде қалады – 85 000 теңге. Бұл жарна сомасының өзгермейтінін білдіреді. Жұмыс берушілер мен қызметкерлер үшін мөлшерлеме де өзгеріссіз қалды – сәйкесінше 3 және 2 пайыз», – делінген хабарламада.
Тек бір реттік төлемнің мөлшері – 21,5-тен 23,8 пайызға дейін, сондай-ақ халықтың жеңілдікті санаттары үшін мемлекет жарналары – ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы орташа айлық жалақының 1,9-дан 2 пайызға дейін өзгереді. Оны мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Осылайша, 2025 жылы міндетті медициналық сақтандыру төлемдерінің көлемі келесідей болады:
жұмыс берушінің жарналары – қызметкердің есептелген табысының 3 пайызы;
қызметкерлердің жарналары – табыстың 2 пайызы;
Бірыңғай төлем төлеушілер – еңбекақы қорының 23,8 пайызы;
азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жұмыс істейтін жеке тұлғалардың жарналары – табыстың 2 пайызы;
жеке кәсіпкерлер мен жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалардың жарналары – 5 950 теңге (республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы);
Тәуелсіз төлеушілердің жарналары – 4250 теңге (ең төменгі жалақының 5 пайызы);
Міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары – 7 285,9 теңге.
Міндетті медициналық сақтандыру жарналарын «Қазпочта» АҚ кассалары, екінші деңгейлі банктердің кассалары мен мобильді қосымшалары, төлем терминалдары арқылы төлеуге болады.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебеңізді мыналар арқылы тексеруге болады:
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының msqory.kz сайты;
Telegram боты (https://t.me/SaqtandyryBot);
Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы;
кейбір Екінші деңгейлі банктер мобильді қосымшалары;
медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы egov.kz электрондық үкіметтің интернет-ресурсында.