2023 ЖЫЛЫ ТҰРАН АУДАНЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕР 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
Қазіргі уақытта Тұран ауданы аумағында орналасқан елді мекендердің 99,5%-ы ауыз сумен қамтылған.
Бүгінгі күнге дейін кестемен ауыз су тұтынып келген Құрсай елді мекенін ауыз сумен қамту құрылысы 2021 жылы басталып аяқталды. Бүгінде құбырларды жуып-шаю, дезинфекциялау жұмысы жүргізіліп, ауыз суды қосу жұмысы рет-ретімен жүргізілуде.
Нәтижесінде, 2023 жылы ауданындағы елді мекендер 100 % сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Айта кетейік, Тұран ауданындағы елді мекендер 99,5% электр қуатымен қамтылған. Қазіргі уақытта Құрсай елді мекенінің жаңақұрылыс аумағын сапалы электр қуатымен қамту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Жоспар бойынша, құрылыс жұмыстары 2023-2024 жыл атқарылады. Нәтижесінде, 2024 жылы аудан бойынша 100% сапалы электр қуатымен қамтылады.