2023 ЖЫЛЫ САЙРАМ ЖӘНЕ ҚЫЗЫЛСУ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ
2022 жылы Қаратау ауданы аумағындағы Қайнарбұлақ, Асар-2 және Сайрам тұрғын алаптарында құрылыс жұмыстары басталған. Аталған елді мекендердегі ауыз су құрылысының жұмысы 2023 жылға өтпелі.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы Сайрам және Қызылсу елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай, аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100% қамтылады.