«13 МЕРГЕННІҢ» БОЛАШАҚҚА СЕНІМІ БАЯНДЫ
Соңғы уақытта елімізде спорттың бильярд түрі қарқынды дамып келеді. Түрлі жарыстардың өтіп жатқаны баршаға мәлім. Ал, қаламызда «13 мерген» атты бильярд клубының бар екенін білеміз.
Халық қалаулылары, мемлекет қызметкерлері және кәсіпкерлерден құралған клубтың ашылғанына 1 жылдан асты. Осы уақытта «13 мерген» клубы түрлі жарыстарға қатысты, сондай-ақ өзге бильярдшылар мен жолдастық кездесулер ұйымдастырып салауатты өмір салтын ұстанып, спорттың дамуына үлес қосып келеді. Ұжым қатарында атақты тұлғалар – супервайзер Бақытжан Жақсықұлов, Ғани Ташқараев, Ғани Ахметбаев, Бахадыр Нарымбетов, Байтан Бакиров, Бекен Қоныс, Алмас Саттаров және Нұрғазы Бұхарбаев пен өзге де азаматтар бар. Осы орайда айта кетсек, облысымыз елімізде 13-өңір болғаны үшін де клубтың атын алысқа бармай — «13 мерген» деп атаған.
Команданың белсенді ойыншыларының бірі — «13 мерген» клубының ашылғанынан бері басында келе жатқан «Алкамет» компаниясының бас директоры Қанат Сарбазовпен ортақ әңгіме төңірегінде дидарласып, әңгімелестік.
«13 мерген» клубы бүгінгі күнде елге танымал болды. Арамызда атбал азаматтар бар» — деп бастады Қанат Жолбарысұлы. «Бүгінгі күнде бильярд үлкен спортқа айналды. Бұрын атаулы спорт аз болатын. Қазірде Шымқаламызда бильярд өте қарқынды дамып жатыр. Сол үшін де «13 мерген» клубының азаматтары клуб ашайық деп шешім шығардық. Дәл бүгіндері бір жылдан асты жұмыс атқарып жатқанына.
«13 мерген» клубының мүшелері саны артып келеді. Жаңадан қосыламын дегендердің алдына қандай талаптар қоясыздар?
Орынды сұрақ. Клубтың ашылуынан бұрын біз 10 азамат жиналғанбыз. Содан жай ғана бильяард ойнай бермей, клуб ретінде ашсақ деген ой келді. Басында 10 ойыншы болса, бүгінде оның саны 20 дан асты. 7-8 азамат клубқа қосылуға ұсыныс білдіріп отыр. «13 мерген» клубына қосылу, қаржы аудару немесе бір конкурстарға байланысты емес. Тек қана жүйелі түрде апта сайын ойындарға келуі керек. Кейін арамыздағы әңгімелеріміз сыйластыққа бағытталып, жарасымды болуы тиіс. Клуб мүшелері елімізді бірлікке, ынтымаққа шақыратын және Елбасымыздың саясатын қолдайтын азаматтардан құралуы міндетті.
Міне, жылдан астам уақыттан бері түрлі турнирлерде қатысып келе жатырсыздар, нәтижесінде «13 мерген» клубы қандай көрсеткіштерге қол жеткізді?
Бізде қалалық мәслихаттың депутаттары бар. Елге танымал басқа да басшылар мен кәсіпкерлер көп. Аптаның әр бейсенбісінде жиналып әңгіме-дүкен құрып, бильярд ойнаймыз. Сол кезде біз мейрамдарда не істейміз, қандай іс-шаралар болады ақылдасып, бір-бірімізге көмек көрсетеміз. Қазіргі уақытта өзге азаматтар «13 мерген» клубының атқарып жатқан жұмыстарына қызығады. Клубтың өзінің туы бар. Атрибуткаларды шығаруды жоспарлап отырмыз. Командамыздың әлемдік стандартқа сай киім үлгісі де бар екенін айта кетсем. Осының барлығын ескеріп, алдағы уақытта облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарға қатыссақ па деген ойдамыз. 1 жылдық мерей тойымызды облыстық деңгейде тойлап, оны жүйелі іс-шара ретінде ұйымдастырдық. Жарысқа елімізден үлкен азаматтар қатысты, көрші Өзбекстан елінен де бильярдшылар келгенін ерекше атап айтайық. Турнирге қонақтар сапында жоғары нәтиже көрсеткендер болды. Жеңімпаздарға біздің жыл ішінде атқарған жұмыстарымыз, ойындарымыздың фото слайдтары сыйлық ретінде табысталды.
Біздің өңірде бильярдтан ардагерлер командасы да бар. Олар сіздермен жолдастық кездесу өткізді ма?
Біз ардагерлер командасы бар екенін өте жақсы білеміз. 1жылдық мерей тойымызда сол кісілер келіп, спортта 20-30 жылдан бері жүрген ардагер азаматтар бізге төреші болды. Біз ұсынысты жан-жаққа жіберудеміз. Биылдың өзінде 3-4 жарыс ұйымдастыруға кеңесіп жатырмыз. Жасы үлкен-кіші болады ма, оған қарамастан бильярдқа қызығушылығы бар азаматтарды шақырып жатырмыз.
Сұхбатыңыз үшін рахмет, Қанат Жолбарысұлы. Алдағы уақытта сіздерге сәттілік тілейміз.
Сұхбаттасқан, Т. Бәкірқожаев.
(«Уақыт» газеті, №38)