1 сәуірден бастап Шымкенттегі кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгереді

Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» 1 сәуірден бастап қаладағы кезекші ХҚКО-лардың мекенжайлары өзгеретіндігі туралы хабарлайды. Енді кестеге сәйкес Әл-Фараби аудандық ХҚКО Нұртас ш.а. Жас Талап көшесі, 168/1 және Енбекші аудандық ХҚКО Бәйтереков көшесі, 89 мекенжайы бойынша азаматтарды қабылдайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, кезекші орталықтар жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, ал сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Жангелдин көшесі, 13 «А» және Желтоқсан көшесі, 121/1 мекенжайындағы ХҚКО-лар 1 сәуірден бастап қалыпты жұмыс кестесіне көшеді – қызметтер тек жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін көрсетілетін болады.

Ал кезекші мамандандырылған ХҚКО әдеттегі мекенжайы бойынша азаматтарды қабылдайтын болады: 196 квартал, 381/1. Ол жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істесе, сенбі күні 9:00 — ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Қаланың қалған ХҚКО-лары кесте бойынша дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.