1 қазаннан бастап Шымкентте екі кезекші ХҚКО жұмыс істейтін болады
Шымкент қаласы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» 1 қазаннан бастап кезекші кестеге сәйкес қаладағы екі ХҚКО жұмыс істейтінін хабарлайды. Кезекші ХҚКО-лар Абай ауданы Мәделі Қожа көшесі, 1Г және Қаратау ауданы Төлеметов көшесі, 35 мекенжайы бойынша қабылдайды.
Естеріңізге сала кетейік, кезекші орталықтар жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, ал сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Кезекші МХҚКО әдеттегі мекенжайы бойынша қызметалушыларды қабылдайтын болады: Достық ш.а, 2343/1. Ол жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз жұмыс істесе, сенбі күні 9:00 — ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Тұран ауданының Мәделі Қожа көшесі, 1Г мекенжайындағы ХҚКО 1 қазаннан бастап қалыпты жұмыс кестесіне көшеді – қызметтер тек жұмыс күндері сағат 18:00-ге дейін көрсетілетін болады. Бұл орталық Абай ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығымен бір ғимаратта орналасқанын ескертеміз.
Қаланың қалған ХҚКО-лары әдеттегі кесте бойынша дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Сондай-ақ, Мемлекеттік қызметтерді «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы да онлайн алуға болады.