Зообаққа кіру құны арзандады

Шымкент мемлекеттік зоологиялық бағына кіру билетінің бағасы төмендеді. Қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың қаулысымен билет бағасы бұрынғы 500 теңгеден 300 теңгеге дейін арзандады. Осылайша енді зообаққа кіру билетінің бағасы ересектер үшін – 300 теңге, ал балалар билеті 150 теңге болып белгіленіп отыр. Бұрын бұл баға тиісінше 500 және 250 теңге болатын.

Осылайша енді зообаққа кіру билетінің бағасы ересектер үшін – 300 теңге, ал балалар билеті 150 теңге болып белгіленіп отыр. Бұрын бұл баға тиісінше 500 және 250 теңге болатын. Айта кетейік, Шымкент хайуанаттар бағы — Қазақстан Республикасының ең алғашқы зоологиялық бақтардың бірі. 1980 жылы ашылған. Жалпы жер көлемі — 29 гектар, оның 19 гектар аумағында экспозиция орналасқан. Соңғы мәліметтер бойынша Шымкент хайуанаттар бағында жануарлардың 249 түрі бар, жалпы саны 2 500-ге жуық. Олардың 40 түрі Қызыл кітапқа енген. Зообақта тұяқтылар, жыртқыштар, приматтар, құстар, балықтар, бауырымен жорғалаушылар және қосмекенділерді тамашалауға болады. Сондай-ақ, мұнда балықтың 70 түрінен, 1 254 балық мекендейтін аквариум орналасқан.

 

209 рет оқылды
  • 12
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *