ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті ағымдағы жылдың 17 тамызы мен 21 тамызы аралығында, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Н. Ноғаевтың 06.05.2020 жылғы № 177 «Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізудің 2020 жылдың 2 жартыжылдығына арналған жартыжылдық тізімдерін бекіту туралы» бұйрығы негізінде, «Кентау сервис» МКМ электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарын сақтау туралы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізілді.

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу кезінде «ҚР құқықтық нормативтік актілері талаптары бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізу қорытындысы бойынша «Кентау сервис» МКМ анықталған бұзушылықтарды жою туралы нақты мерзімдері көрсетілген Нұсқама берілді.