Жол салушы мамандығы үлкен сұраныста

Республикада жыл сайын жүздеген және мыңдаған шақырым республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары салынады және жөнделеді. Білікті мамандар әрдайым қажет. Алайда, нарықта жақсы кадрлардың жетіспеушілігі бар. Бұл жол шеберлері, құрылыс инженерлері, инженер-сметашы, зертханашылар, асфальтбетон жұмысшылары, асфальт төсегіштер, автогрейдерлер, механизаторлар, қайта өңдеушілер, арнайы техниканың жүргізушілері және басқалар. Бұл негізгі жол салуға керекті мамандар. Сонымен қатар геодезисттер, картографтар, метеорологтар, механиктер, токарьлар, дизайнерлер, ғалымдар және т.б. адамдар қажет.

Осыған орай, 2020 жылға арналған мектептер мен колледждерде кәсіби бағдар беру жұмыстарының іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Шымкент қаласы бойынша филиалы мамандары Шымкент қаласындағы М.Х.Дулати атындағы №8 мектеп гимназиясында бітіруші түлектер яғни 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын​ жүргізді.

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ Іс-шара мақсаты қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесу. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдау мүмкіндігін түсіндіру болып табылады.

Қазақстанда автомобиль жолдары құрылысы қарқынмен дамуда. Бұл ең алдымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің Қазақстан шекарасы арқылы өтуімен, халықаралық қатынастың дамуымен және жүк тасымалының артуымен байланысты. Бұл өз кезегінде жоғары білікті мамандардың тапшылығын туындатуда. Сол себептен шет ел мамандарын жұмысқа тарту сұранысын азайтып, өз еліміздің азаматтарын патриоттық рухты көтеруге, еліміздің тұтқасын сеніп тапсыратын білікті маман иесі атануға шақыру.
Филиал тарапынан мамандар мектеп түлектерін өз еліміздің жол саласын, жол инфрақұрылымын дамытуға үлес қосып, ат салысуға және болашақ мамандық бағытын қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие болған «Құрылыс», «Жолдардың және аэродромдардың құрылысы» мамандықтарын таңдауға шақырды.

Жол сапасына қатаң бақылау жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 наурыздағы №131 қаулысымен Облыстық Жол зертханасы РММ-ны қайта құру жолымен «Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы» РМК құрылды.

Ал мемлекеттік кәсіпорынның Шымкент қаласындағы филиалы мамандары шаһардағы жолдар мен көшелердің 19 нысанында 37 сараптама жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде мердігерлік ұйымдардың нысанына 816 ескертулер мен бұзушылықтар анықталған.

«Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Шымкент қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі