ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз бөлімінде, Жетісай ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нүркен Әлмеш жергілікті БАҚ алдында 8 айда атқарылғант жұмыстары жайында есеп берді.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нүркен Әлмештің айтуынша биыл аудандағы орта және күрделі жөндеуден өткізу үшін 3 млрд теңге жүық қаржы бөлінген. Қазіргі таңда 136 шақырым жолдар жөндеуден өткізілуде.
«Аудандағы заңсыз жолаушы тасымалына тосқауыл қою, такси тұрақтарын реттеу, такси көлігінің жұмысын оңтайландыру бойынша АПБ мен бірлесіп 14 рейдтік іс-шара өткізіліп, 62 автокөлікке әкімшілік хаттамалар толтырылған» дейді бөлім басшысы Нүркен Әлмеш
Жалпы брифингте бөлім басшысының баяндамасынан кейін кезек сұрақ-жауапқа ұласты. Жалпы барлық келген БАҚ өкілдері толық сұрақтарын қойып отырды. Қысқаша айтар болсақ:
«Жеті Сыр» газетінің бас редакторы Жаппар Ғаппар аудандағы бағдаршамдар мәселесі жайында яғни қазіргі таңда қанша бағдаршам бар және оларды күтіп ұстауы үшін қанша қаражат қаралғаны жайында сұрақ қойды.
Өз кезегінде бөлім басшысы қазіргі таңда Жетісай ауданы бойынша 12 көше қиылысында бағдаршамдар орналасқанын және оларды күтіп ұстау үшін жергілікті бюджеттен 5 млн теңге қаражат қаралғанын айтып өтті.
«Уақыт» газетінің тілшісі Сатыбалды Жүнісбеков ауданда қанша стандартқа сай жол кедергілерімен жол белгілері орнатылғанын сұрады.
Бөлім басшысының айтуы бойынша аудан бойынша жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылы жергілікті бюджеттен бөлінген 2 млн. теңгеге стандартқа сай жасанды жол кедергілері мен жол бергілері орнатылған.
Оған қоса, жергілікті бюджеттен қосымша 2 млн. теңге бөлініп, стандартқа сай 109 жол белгілерін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы аудан бойынша 17 (Жетісай қаласы 9, Асықата кенті 8) көшеге ағымдағы (ямочный) жол жөндеу жұмыстарын жүргузіге бюджеттен 5 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қосымша айта кететін болсақ Жетісай ауданы бойынша орта жөндеуден өткізуге аудандық маңызы бар 5 жолдың және 192 ішкі көшенің сметалық құжаттамалары жасақталған, жалпы құны 2 млрд. 846 млн. 344 мың теңгені құрайды. Оған қоса, аудан бойынша ұзындығы 141 шақырымды құрайтын 291топырақ көшеге ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстарын жүргізу мақсатында сметалық құжаттамалары жасалынып, жалпы құны 872 млн. теңгені құраған.