Жер дауы назарда

«31 арна» «информбюро» жаңалықтар топтамасында сайтында ағымдағы 15-қараша күні жарияланған «Сразу две семьи в Туркестане могут остаться без своих домов» атты материалға қатысты төмендегіше мәлімдейміз:

Талап қоюшы Бекмурзаева Сауле Бекжановна жауапкер Налибаева Акнур Султановнаны «отбасы мүшелерімен бірге тұрғын үйден басқа үй-жай берместен мәжбүрлеп шығару туралы» Түркістан қалалық сотына талап арызбен шағымданған.
Себебі, даулы тұрғын үйге С.Бекмурзаева 2006 жылы меншік құқығын танып алған.

Ал, А.Налибаева «Желдорстрой» АҚ-нан аукцион арқылы 2018 жылы сатып алған. Бүгінгі таңда, Түркістан қалалық сотында азаматтық іс қаралуда.
Азаматша Я.Нышанбаеваға қатысты бөлігі бойынша:
Е.Оразбеков 2018 жылы Исмайлов көшесі, №9 үйді аукцион арқылы «Желдорстрой» АҚ-нан сатып алған.
Осы құжаттардың негізінде, Е.Оразбеков өтініш беріп, Түркістан қаласы әкімдігінің «жер теліміне жеке меншік құқығын беру туралы» 27.04.2018ж. №695 қаулысы қабылданып, кадастрлық №19-307-163-640 сәйкестендіру актісі алынған.
Алайда, ол үйде бір неше жылдардан бері Я.Нышанбаева тұрып келген болғандықтан Түркістан қаласы әкімдігінің 27.04.2018ж. №695 қаулысы қала әкімдігінің 13.08.2018ж. №1177 қаулысымен күші жойылған.
Ал, Я.Нышанбаеваның ол үйге құжаттары жоқ.
Е.Оразбеков қала әкімдігінің 13.08.2018ж. №1177 қаулысымен келіспей Түркістан қалалық сотына талап арызбен шағымданып, бүгінгі таңда азаматтық іс қаралуда.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Фото: abai.kz

60 рет оқылды
  • 3
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *