ЖАСТАРДЫҢ НАЗАРЫНА

Бүгінгі таңда, жастар түрлі салалар мен  түрлі бағыттарда жан-жақты дамып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әркез  жастармен кездесуінде  — «ХХІ ғасыр — әлемнің, елдің және өз отбасының тағдыры үшін жауапкершілікті мойнына ала білетін талантты жастардың ғасыры», — деп айтса, бүгінде  Оңтүстік  Қазақстан облысы жастарының саны жағынан еліміздің  көш басында, яғни 800 мыңға жуық  жастар бар.

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жастардың қызығушылығын назарға ала отырып, орталық жанынан «Шаңырақ» жас отбасылар мектебі, «Жас МЕДИА» жас журналистер мектебі, сондай-ақ, «Көшбасшылар мектебі» құрылған болатын.

Облыс жастарының әлеуметтік белсенділігі мен тұлғалық қалыптасу бағытында жастар арасында көшбасшылық дағдыларын дамыту мақсатында семинар-тренингтер өтуде. Қазан айында «Жас көшбасшылар» мектебі 300-ден астам белсенді жастардың қатысуымен алғашқы мастер класын өткізген болатын. Бүгінгі таңда әрбір аудан, қалада көшбасшылар мектебі ашылып, 2000-ға жуық жасты көшбасшылыққа дағдылады.

Сондай-ақ, алыс ауыл-аймақтардағы жастардың белсенділігі мен қабілетін  ескере отырып, 17 қазан мен 6 қараша күндері аралығында Облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «ONTUSTIK» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымен бірлесе отырып, өңірдегі аудан, қалаларда семинар-тренингтер өткізді.

Қазіргі таңда көшбасшылар мектебі  қарқынды даму үстінде. Қатысушы жастар аз уақыттың ішінде аса зейінмен «Көшбасшының негізгі қабілеттері. Мақсат қоя білу. Тайм-менеджмент ынталандыру. Өзіне деген сенімділігін арттыру» теориясын меңгеріп, практикалық сабақтарға қатысуда.

Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде ақысыз түрде өтеді.

Кез-келген жас әр аптаның сенбі күндері 11:00-де облыстық «Жастар ресурстық орталығына» келіп, «Көшбасшылар Мектебіне» мектебіне мүше болып, өзін сол бағытта дамыта алады.

Қосымша ақпаратты  облыстық «Жастар ресурстық орталығына»   8-7252 30-01-72 номеріне хабарласып немесе әлеуметтік желілерде инстаграм @ontustik_zhastary,  facebook-те «Облыстық жастар орталығы» парақшасынан алуға болады.

 

123 рет оқылды
  • 5
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.