ЖАСТАР ЖӘНЕ ЖАСЫЛ ЕЛ

Шымкент қалалық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» мамандары жас еріктілерден құралған «Жасыл ел» жасақтарымен бірге «Жастар және Жасыл ел» атты қаланы көгалдандыру акциясына қатысты, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі қалалық жастар ресурстық орталығы таратқан хабарламаға сілтеме жасап.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қоршаған ортаны көгалдандыру, табиғатты қорғау, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында 2005 жылы «Жасыл ел» мемлекеттік бағдарламасын енгізген болатын. Бүгінгі таңда аталмыш бағдарлама еліміздің әр өңірінде жүйелі жүзеге асып келеді. Осыған орай Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Шымкент қаласында құрылған “ЛТД Тұрмыс” ЖШС-і және “Жасыл қала” ЖШС-і арқылы қаламыздағы Бадам өзені бойы, Д.Қонаев даңғылы және Бауыржан Момышұлы, Төлеген Айбергенов, Желтоқсан көшелерінде жұмыс жасап жүрген 80-ге жуық «Жасыл ел» еңбек жасақтарының бір күндік жұмыс барысымен танысты.

«Жасыл ел» бағдарламасы жаз­ғы маусым кезінде студент-жас­тар­ды жұмыспен қамтуда. Жасылелдіктер елдің тек қана көгалдануы мен тазалығын сақтауға ғана емес, оған қоса біздің ортақ шаңырағымыз — Қазақстанның өркендеуіне жауапты жаңа буынын тәрбиелеп, жастарды жұмыспен қамтуға, студенттердің патриоттық рухын көтеруге үлкен үлес қосып келеді», — дейді қалалық жастар орталығының қызметкері Шоқан Жанәбілов.

519 рет оқылды
  • 6
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *