ЖАСТАР ҮШІН ЖАҒЫМДЫ ЖАҢАЛЫҚ

Шымкент қаласы отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жандос Қалтаев ақпараттық-коммуникациялық орталығында атқарылған жұмыс барысын баяндады, деп хабарлайды oninfo.kz.

Жандос Төлембекұлының мәлімдеуінше 2020 жылдан бастап жастарға 5 жылға берілетін пәтерді алуға болады. Конкурсқа 29 жасқа толмаған, жұмыс істейтін ҚР азаматы қатыса алады. Сонымен қатар жалпы орта білім беретін мектептердің , техникалық және кәсіптік ұйымдардың,орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген болуы керек.

Шымкентте тұрғылықты жері бойынша 2 жылдан кем емес болуы қажет
(Тұрғын үйге үміттенетін жастар үшін). Өтініштерді қабылдағанда кімдерге басымдылық беріледі?
Бағдарламаның балл жүйесі қалай жұмыс істейді?
Өтініштер бойынша ең көп балл жинағандар жеңімпаз болады.

Балл төмендегідей есептеледі;

Нарыққа аса қажет 100 мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықты меңгерген өтініш берушіге -100 балл;
Отбасы бар болған жағдайда -5 балл, тіркелген некенің әр жылы үшін -2 балл;
Бір бала болған жағдайда 1 балл, әрбір келесі бала үшін — 2 балл;
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кемінде бір жыл -5 балл, әрбір келесі жыл үшін -1 балл;
Әртүрлі қызмет салаларында өтініш берушінің жеке жетістіктері болған жағдайда — екі балл;
Бюджеттік ұйымдарда (мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда) еңбек қызметі үшін — 5 балл,әрбір жыл үшін -1балл;
Екінші деңгейдегі банктердегі жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың әрбір жылы үшін -2 балды құрайды;

Сонымен қатар тарқатып айтар болсақ 101 мың теңгелік жалақысының болуы керектігі құжаттар тізбесінде бар. Алайда, Шымкенттегі орташа айлық жалақының төмен болуына байланысты аталмыш шартқа өзгерту енгізу үшін ұсыныстар беріліп жатыр. Құжат қабылдау әлі басталмады. Консультацияны Жастар ресурстық орталығынан біле аласыз. Шымкент қаласы, Түркістан көшесі №1, телефон: +7 702 000 6494.

АУТРИЧ БӨЛІМІ АРҚЫЛЫ 3500 ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛГЕН

«Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасын іске асыру шеңберінде біз қаланың барлық аудандарында халықпен жұмысты күшейтіп, Аутрич бөлімін (жастар ресурстық орталығында) құрдық. Бөлім қызметкерлері (заңгерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер) халыққа тегін көмек көрсетеді»,-  деді басқарма басшысы өз сөзінде.

Сонымен қатар, пилоттық жобаны жүзеге асыру мақсатында Аутрич бөлімінің мамандары әр ауданның әлеуметтік картасын әзірлеуде екен. Құрылған аз уақыт ішінде бөлімнен 3 500 отбасы нақты көмек алып үлгерген.

«ОТБАСЫЛЫҚ КЕҢЕС» 33 ОТБАСЫНЫ САҚТАП ҚАЛДЫ

Аталған басқарма Абай аудандық сотымен бірлесіп «отбасылық кеңес» пилоттық жобасын іске асыруда. Кеңес құрамына денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының өкілдері, медиаторлар, ақсақалдар кеңесінің өкілдері кіреді.
Жобаны іске асыру кезеңінде 10 отырыс өткізілген, нәтижесінде ажырасу шегінде тұрған және психологиялық кеңес беруді қажет ететін отбасылармен жұмыс жүргізіліп, 33 неке сақталды. Бұл жөнінде Ж.Қалтаев мәлімдеді.