Жастар Илья Ильинмен кездесті

Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері ауыр атлетика чемпионы, еліміздің мақтанышы Илья Ильинмен кездесті. Басқосуда спорт шебері өзінің спорттық жетістіктерге жету жолындағы қажырлы іс-әрекеті, мақсаткерлігі, жігерлі ұмтылысы туралы әңгімелеп берді.

Сондай-ақ өмірде кездесетін түрлі кедергілерді жеңе білу, ұстамдылық пен парасаттылық туралы өзінің көкейге түйген ойларымен бөлісті. Студенттердің түрлі сауалдарына жауап берді. Әсіресе Илья Ильиннің спорттағы бағындырған белестері жастарды қызықтырды. Еріктілер жылына орай ұйымдастырылған бұл шараның мақсаты жастарды спортқа, тазалыққа, еңбекқорлыққа баулу болып отыр. Сондай-ақ өмірде жетістігі мол тұлғалардың өмір жолын үлгі етіп, жастардың өмірде дұрыс жол таңдауына көмектесу. Шара соңында Илья Ильинге жоғары оқу орнының «Құрметті профессоры» атағы берілді.