Жас пікірсайысшылар «Қазақстан-2050» Стратегиясының жүзеге асыруда жастар рөлін айқындады

Бүгін «Jas Otan» Жастар Қанатының ұйымдастыруымен , « Қазақстан — 2050 » Стратегиясын жүзеге асыруда жастар рөлі» тақырыбында дебат ойындары ұйымдастырылды. Тартысты пікірталас көрсетіп , ел саясатындағы жастар рөлінің маңызы жайлы ой сайысқан жастар — қаладағы жоғары оқу орындардың 3-4 курс студенттері.

Дебат ойындары Америкалық парламенттік форматта өтті . Жеңімпаз фракцияның мүшесі Құдайберген Ұлжалғас Бақытжанқызы пікірсайыстан алған әсерімен бөлісті. Биыл пікірсайысшы атанғанына 2 жыл толған қатысушы пікірсайысқа 17 жасынан қызыға бастаған екен. Оның айтуынша : « Қазақстан-2050 » Стратегиясын жүзеге асыруда жастар рөлін әлі де арттыру керек . Қазіргі таңда бұл бағыт бойынша билік тарапы мен депутаттардың үлесі басым болып тұр».

Ал ұйымдастырушылардың бірі Мажит Фариза: «Шараның басты мақсаты жастардың аналитикалық ойлауын дамыту арқылы саяси жаңалықтарға назарын аудару . Сондай — ақ , оларды қоғам мәселелерінің оңтайлы шешілуіне тарту » , – екенін атап өтті.

Ауқымды қарарлар мен қызықты ойындарға толы жоба алдағы уақытта да жалғасатын болады . Осы орайда қазіргі таңда елдегі пікірсайыс қозғалысы әсіресе жастар арасында белсенді түрде жүзеге асып жатқанын айта кету керек.

Әртүрлі көзқарастар бар жерде ақиқатқа жету жеңілдейді . Пікірсайыс ойындары – қарсыластардың бір — бірінің ойларын әділ сынап , мәселеден қоғам игілігі үшін ең тиімді жолды табу арқылы жеңіске жетуді мақсат етеді .