Жанар Бектаева — басқарма басшысының орынбасары

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының бұйрығымен басқарма басшысының орынбасары лауазымына Жанар Бектаева тағайындалды.

Жанар Әлібекқызы 1982 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында туған. Білімі жоғары. 2003 жылы Қ.А.Яссауи атындағы университеттің «Саясаттану» факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Қ.А.Яссауи атындағы университеттің «Саясаттану» кафедрасының оқытушысы болып бастады.

2006-2016 жылдар аралығында ОҚО ішкі саясат департаменті бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, БАҚ мониторинг және ақпараттық саясат бөлімінің басшысы болып істеді, ОҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымын, ОҚО әкімі аппаратының жалпы бөлімінің бас инспекторы қызметін атқарды.

2016 жылдан бүгінге дейін Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Бектаева Жанар Әлібекқызы Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қалалық қоғамдық бірлестіктер, саяси партиялар, қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және дін істері салаларын қадағалайды.

421 рет оқылды
  • 88
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *