ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай қала әкімінің «Үздік» жастар премиясының марапаттау рәсімі өтті.

Құрмет иелерінің қатарында Шымкент қаласының көркеюіне үлес қосып, түрлі салалар бойынша жетістіктерге жеткен жастар бар. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімін қала әкімі Нұрлан Сауранбаев салтанатты түрде ашып, номинация иегерлеріне диплом мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Дәстүрге айналған «Үздік» жастар премиясы биыл 7-ші рет аталып өтілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамның түрлі салаларында (мәдениет, өнер, білім, ғылым, әлеуметтік, халыққа қызмет көрсету және т.б) жұмыс істейтін дарынды, талантты жастарға қолдау көрсету, жетістіктерін насихаттау, жастардың рухын көтеріп, ынталандыру. Айта кетейік, «Үздік» жастар премиясы байқауының ережесіне сәйкес түрлі номинациялар бойынша 14 пен 29 жас аралығындағы жастар байқауға қатысып, іріктелді. Үміткерлерді іріктеу жөніндегі байқау комиссиясының ұсынысы бойынша 26 жас өз салаларында «Үздік» деп танылған жастар төмендегідей.

Білім және ғылым саласында.

«Үздік жас оқушы» Мейірова Адия Қуанышқызы, «Үздік жас студент» Жұман Жансерік Бауыржанұлы,  «Үздік жас ғалым» Әбдікерімова Айнұр Әбдіхадырқызы, «Үздік жас мұғалім» Қасымбекова Меруерт Нуридинқызы.

Мәдениет, өнер және спорт саласына.

«Үздік жас ақын» Әнәпия Нұрғали Мұратұлы, «Үздік жас әнші» Жарылқасын Аружан Қанатбекқызы, «Үздік жас дизайнер» Бейісбек Арайлым Болатбекқызы, «Үздік жас спортшы» Мақсұт Қуандық Еркінбекұлы, «Үздік жас би тобы» «GK FAM» Проценко Илья Сергеевич, «Үздік жас фото суретші» Әссанди Асқат Әсетұлы, «Үздік жас жазба ақын» Бакиев Ербек Мейрамбайұлы.

Ақпараттық қамтамасыз ету саласында.

«Үздік жас журналист», Әбдірашит Нұрсұлтан Талғатұлы, «Үздік жас кореспондент» Өтеулиева Азиза Мадиярқызы, «Үздік жас қаламгер» Қанат Сапарғали Таңатұлы, «Үздік жас телеоператор» Есқұлов Айдар Түренбайұлы, «Үздік жас редактор» Сарман Лаура Дінмұхамедқызы, «Үздік жастар бағдарламасы» Отырыр телеарнасының «Жастар уақыты» бағдарламасы.

Халыққа қызмет көрсету, құқық қорғау саласында.

«Үздік жас құқық қорғаушысы» Қабұлов Азамат Маратбекұлы, «Үздік жас кәсіпкер» Есжанов Азиз Жарқынұлы, «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» Мехитбаев Нұржігіт Кәрімбердіұлы.

Қоғамдық өмір саласында.

«Үздік жастар қоғамдық бірлестігі» Андабаев Абай Бахытбекұлы, «Үздік жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы» Боранбай Қажығали Жұмаділлаұлы, «Үздік жас сақшы» Бесбай Асылбек Ынтымақұлы, «Үздік жас көшбасшы» Сейітжаппарова Ғазиза Әзімқызы, «Үздік жас блогер» Мыңбаева Әйгерім Әлібекқызы, «Үздік жас ерікті» Арғынбай Рахат Ердәулетұлы.

654 рет оқылды
  • 70
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.