Ж.Түймебаев: Қазығұрт туристік орталыққа айналады

Бүгін мерекеден бұрын Қазығұрт тауының баурайындағы қасиетті шыңдағы Кемеқалған нысанының капсуласы салынды. Алдағы уақытта төменнен Кемеқалған нысанына апаратын жалпы ұзындығы 3,1 шақырымдық арқан жолы мен 4 шақырымдық жаяу жүргіншілер жолының құрылысы жүргізілетін болады.  Сондай-ақ, ұлттық ат спорты ойындарын өткізетін 20 гектар аумақта атшабар құрылысы жоспарланып отыр.

«Наурыз — Қазығұрттан басталады» атты Наурыз тойы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы ауқымды іс-шаралардың бірі де, бірегейі болды. Алдағы уақытта Қазығұрт тауын заман талабына сай ірі туристік орталық ретінде қалыптастыру міндеті тұр. Осыған орай Қазығұртта арнайы кешен жасауды жобалап отырмыз. Кеме Қазығұрттың биігіне орнатылмақ.  Ұзындығы 137 метр, ені 30, ал биіктігі 15 метр үш қабатты болмақ. Музей, қонақ үй, мейрамхана, көру алаңдарының құрылысын салу қарастырылады.  Екі шақырым көлік жолы мен жаяу жүргіншілер жолы салынып, жан-жақты абаттандыру, тынығу, демалыс алаңдарын жасау жұмыстары бар», — деді Жансейіт Түймебаев.

878 рет оқылды
  • 118
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *