Үздік білім шаңырағы — ҚазҰУ

Биылғы жылы еліміздің жетекші университеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құрылғаннан бергі 85 жыл толды.
1934 жылдың 15 қаңтарында оқытушы-профессорлар құрамы туралы және физика-математикалық және биологиялық факультеттерінде алғашқы студенттерді қабылдау туралы бұйрық қабылданды.
Содан бері ҚазҰУ Қазақстан экономикасын, мәдениетін, ғылымы мен білімін қалыптастыруға және дамытуға зор үлес қосып, бүкіл Орталық Азия аймағындағы сапалы мамандарды дайындайтын жоғары оқу орнына айналды. Жоғары сапалы білім, халықаралық тану, белсенді зерттеу және дамыту, инновация, ең мықты факультеттер және дарынды түлектер — бұл бүгінгі күні, ҚазҰУ-дың мақтанышына айналды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – талантты, дарынды студенттердің басын біріктіріп отырған мекен, сыйластық пен шынайы достықтың ордасы.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін, көпжылдық білім саласындағы және ғылыми жұмыстарда тәжірибесі мол жоғары оқу орны.
ҚазҰУ-дың 2020 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес оқу процесін толықтай жаңғырту, білім мазмұнын әлемнің танымал жетекші университеттерімен сәйкестендіру мақсатында оқу бағдарламаларын әртараптандыру.

QS Агенттігінің 2018 жылы өткізген тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша ҚазҰУ Қазақстанда алғаш болып Орталық Азия аймағында «QS Stars Development Road map» халықаралық рейтингісінде «Төрт жұлдыз» үстемдік белгісіне ие болып, QS «World University Rankings» халықаралық рейтингінде әлемдегі ең үздік 800 университеттер арасында 220 орынға ие болды. Бұл топқа посткеңестік кеңістіктен тек екі университет кіреді: ҚазҰУ және Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (РФ).

0-ден 5 жұлдызға дейінгі QS рейтингісі жоғары оқу орындарының кең ауқымды қызметін белгілейтін және университеттердің жоғары халықаралық стандарттарға сәйкестігін анықтайтын 50-ден астам көрсеткіштерді кешенді талдау нәтижесінде анықталады.
Университеттің трансформациялау бағдарламасын жүзеге асыру мен классикалық түрден жаңа модельге көшу аясында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да кафедралардың ғылыми-педагогикалық потенциалын жоғарылату үшін олардың мамандықтарды біріктіру және қайта бөлу арқылы білікті мамандарды даярлау үшін кәсіптік мамандықтар бойынша жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқушылар санының тұрақты өсуі байқалды: магистратура және докторантура. Магистранттардың және докторанттардың саны бакалавриат мамандықтарының санынан екі есе жоғары және университет магистранттар мен докторанттар саны бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында жетекші орын алады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 2020 жылға дейін БҰҰ «Академиялық ықпал» бағдарламасының ғаламдық хабына жетекшілікке ие болды. Бұл шешім тұрақты даму саласындағы университеттің табысты көшбасшылығы негізінде жасалды.
Университетімізде дәстүрлі түрде «Менің Қазақстаным», «Супер студент», «Жалын» бірінші курс таланттарын анықтау, «Студенттік көктем», «ХҚФ аруы», «Университет аруы», КВН, «Ана тілі аруы – Жігіт сұлтаны» сияқты байқаулар жоғары деңгейде өткізіліп тұрады.
Сондай-ақ, студентердің көшбасшылық қабілеттерін, ұйымдастырушылық қасиеттерін дамыту мақсатында жастар ұйымдары камитеті жұмыс істейді. Оның құрамына Студенттер кеңесі, «Сұңқар» студенттер кәсіподағы, Студенттер сенаты, Болон үдерісі бойынша студенттік бюро, Студенттердің ғылыми қоғамы кіреді. Қазіргі уақытта университеттегі барлық мерекелік іс-шаралар тікелей жастардың қатысуымен өтеді. Ғылыммен айналысқысы келлетін студенттер үшін де дәстүрлі түрде «Ғылым әлемі» сияқты конференция, форумдар ұйымдастырып тұрады.

Инновациялық жобаларға құштар, заман ағымнан қалмауға тырысатын студенттер үшін әр факультетте бизнес-инкубаторлар, университетте технопарк қызмет етеді.
Бүгінгі күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сіздерге мамандықтардың кең таңдауын ұсынатын, толық білім мен ғылым беру кешені болып табылады. Біздің университет Қазақстанның болашағын дайындайды деп айтуға болады, өйткені біздің түлектеріміздің басым көпшілігі қазақстандық қоғамның элитасына еніп, ел дамуының векторын қалыптастыруға қатысады.

Нургалиева Г.Қ – ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы және есеп» кафедрасы доценті