ЗАҢГЕРДІҢ САУАТСЫЗДЫҒЫ БИЗНЕСТІ ҚОРҒАЙ АЛМАЙДЫ

Қазақта «адам аштан өлмейдіастан өледі» деген сөз бар. Ол рас. Оқушылар мектеп асханасынан тамақ ішетіні белгілі. Бірақ олардың ішіп жүрген тағамы қандай? Асхана стандартқа сай ма? Оқушы тамақ ішерден бұрын қолын жуады ма?

Жаңалықтарда мектеп асханасынан тамақ жеп, пәленбай бала уланды дегенді көп еститін болдық. Бұл жай қарайтын мәселе емес. Себебі әрбір бүлдіршіннің денсаулығы маңызды. ҚР Президенті Н. Назарбаев, балалар денсаулығы ерекше назарда болатынын атап өткен болатын.

Оқушыларға мектептен тегін тамақ ішуге бюджеттен миллиондан ақша бөлінеді. Сол ақшаға тамақтың сапасы сай болып жатыр ма? Сай болса, онда неге балаларымыз мектеп асханаларынан ас ішіп, уланады?

 «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев балалардың дұрыс тамақтану мәселесіне бей-жай қарауға болмайтынын айтқан.

Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі бір ай көлемінде мектеп асханаларына мониторинг жүргізіп, брифинг берді. Бақылау барысында түрлі келеңсіз жәйттер анықталған. Қарапайым қол жуатын сабыны, тоңазытқышы жоқ асханалар, сондай-ақ бірнеше конкурсты ұтқан кәсіпкер, оннан аса асхананы тамақпен қамтамасыз етіп үлгере алмай, сол конкурста ұтылған басқа кәсіпкерге «субарендаға» бергені белгілі болған. Әр оқушыға бір күнге 359 теңге бөлінеді. Мектеп асханасы «посредник» арқылы кәсіпкерден кәсіпкерге берілсе, оқушыға тиісті 359 теңгенің тамағына жетпей, қандай ас ішетіні түсінікті емес пе?

Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі өткізген бақылауға қатысты кәсіпкерлік палатасында жиын өтті. Ол жайлы time.kz сайтында кең көлемде мақала жарық көрді. Мақалада кәсіпкерлер құқығын қорғаушыларға балалар денсаулығы мен «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың мектеп асханалары туралы айтқаны қызықты болмағаны анық.

Себеі онда мынадай сөздер бар: А тут собралась группа общественников и устраивает душняки.  «Душняки» деген сөз қылмыс әлемінде қолданылатын жаргон сөз. Бұл сөзді қолданудағы мақсат қандай?

Тағы былай деп жазылған: Конечно, разобраться и наказать! Причем не только блогеров с депутатами, но и тех, по чьей указке началась эта вакханалия! Сонда олар «Нұр Отан» партиясын «наказать» етпекші ме? Немесе Шымкенттегі барлық ата-ананы «наказать» етуі мүмкін бе? Әлде өздерін ҚР Жоғарғы Соты ретінде сезінді ме? Халыққа есеп беретін депутаттарды адам құрлы көрмепті ғой. Бұл жиында білімсіздік пен мәдениетсіздіктің көрсеткіші қай деңгейде екені белгілі болды.

«Вакханалия» дейді. Мұндай сөзді ішімдік ішіп, шу шығаратын адамдарға қатысты айтады. Демек, кәсіпкерлер құқығын қорғаушылардың айтуынша,  Шымкент қаласы қоғамдық кеңесі мас күйде мектеп асханасында топалаң жасағаны ма? Одан бөлек, ОҚО кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің Төрағасы Мелес Сейітжанов мырза, «этот, товарищ в синем костюме работает директором зоопарка, он может быть разносчиком инфецкии» деген. «Товарищ» деп айтқанына қарағанда, ол Қазақстан Коммунистік партиясының мүшесі болуы мүмкін бе? «Директором зоопарка» деп Нұрғазы Бұхарбаевты айтқаны түсінікті. Н.Бұхарбаев Шымкент қалалық мәслихатының депутаты және «Нұр Отан» партиясының мүшесі. Ондай адам Мелес Сейітжанов айтқандай «товарищ» бола алмайды. Шымкент зообағы ашылғалы талай жыл өтсе де ол жақтан ауру тарауда дегенді естіген емеспіз. Сонда Мелес Сейітжанов «он может быть разносчиком инфецкии» деп қандай негізге сүйеніп айтты?

Жоғарыда аталған шындыққа жанаспайтын сөздерді жария еткені үшін ҚР Қылмыстық кодексі барын ұмытты ма бұл азаматтар?! Одан басқа Мелес мырзаның Н.Бұхарбаевқа қатысты жұмыс уақытында неге басқа жақта жүр деген арыз жазып жүр екен. ҚР Еңбек кодексін қарап, депутаттық регламентте белгіленген тәртіппен депутаттың әрекеті заңды екенін білдік. Бұл жәйт сауатсыздық пен бәлеқорлықтың көрінісі емес пе? Себебі, мемлекеттік мекеме директорының жұмысы бизнеске қатысы жоқ.

Ең қызығы ОҚО кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары К.Акеновтың Шымкент қаласы әкіміне және аппарат басшысына жазған хаты. Ол мектеп асханаларына бақылау жүргізген қоғамдық кеңес мүшелері әрекетінің заңдылығын тексеруге топ құруы жайлы жазған. ОҚО кәсіпкерлер палатасы өздеріне прокуратура функциясын алған ба? Заңдылықты тексеруші орган ол – ҚР Прокуратурасы.

Осындай абыройлы мекеменің заңгер басшылары болып, болған жағдайға байланысты, мәселенің анық-қанығын білмей дау шығарғаны түсініксіз. Бәлкім 359 теңгенің жағдайға қатысы бар болуы мүмкін бе? Осындайда «алтын көрсеперіште жолдан таяды» деген сөз еріксіз еске түседі.

фото: 365info.kz

  • 67
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *